Тері ылғалданып, визуалды түрде неғұрлым ашық түсті болып көрінеді

Тагуа Өсімдік Дәндері – бұл табиғи мөлдірлеткіш* қасиеттерге ие тазалығы жоғары белсенді ингредиент.
Ол іштен әрекет етуге қабілетті, пигменттік дақтардың түзілуіне байланысты меланин синтезін төмендетуге жағдай жасайды, сонымен бірге тері жасушаларының дәл өзегінде жарықтың таралуын жандандырады.

Оның артықшылығы:  тері лезде ылғалданып, визуалды түрде неғұрлым ашық түсті бола түседі. Терінің тегіс емес тұстары жазылады, бет түсі тегістеледі. 1 айдан соң пигменттік дақтар онша айқын көрінбейді, тері текстурасы түзетіледі және тегістеле түседі, ұсақ тесіктерді жасырады. Пигменттік дақтардың түзілуіне байланысты меланин синтезін шектейді, теріні неғұрлым тегіс әрі мөлдір етеді.

Қолдану жөніндегі кеңес:  ылғалдандырғыш мөлдір текстуралы сарысуды құрғақ тазартылған теріге таңертең және кешкі уақытта жағыңыз. Көз контуры аймағына тигізбеңіз.

*In vitro тестілері.

Формула дерматологиялық және офтальмологиялық бақылау жүргізіле отырып сынақтан өткен.