Жиі қойылатын сұрақтар
Сайттағы минималды тапсырыстың құны — 12000₸
Жеткізу мерзімі мен құны Сіз мекенжайыңызды көрсетіп, жеткізу тәсілін таңдағаннан кейін тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсетіледі. Жеткізу мерзімдері бағдарлы болып табылады. Сіз нақты күнді жеткізу қызметінің хабарламасынан білесіз.
Жеткізу шарттарын Сіз сілтеме бойынша өту арқылы біле аласыз.
Жеткізу тәсілі (пошта немесе курьер) жеткізу аймағына байланысты. Сіз тапсырысы рәсімдеу кезеңінде қолайлы тәсілді таңдай аласыз.
Сәлемдемелерді жинау мерзімі 1-2 жұмыс күнін құрайды.
Курьерлік қызметке жеке куәлікті ұсыну қажет. Қазпоштада жеке куәлік пен пошта хабарламасын ұсыну қажет.
Сіздің сәлемдемеңіздің орналасқан жерін Сіз Қазпошта сайтында post.kz парақшасында нақтылай аласыз, осы ретте «Жөнелтімдерді іздеу» терезесіне трек-нөмірді енгізу керек.
Егер Сіздің тапсырысыңызды Алем ТАТ курьерлік қызметі жеткізсе, онда Сіздің сәлемдемеңіздің орналасқан жері туралы ақпаратты Сіз alemtat.kz сайтында нақтылай аласыз.
Тапсырыстың өзекті мәртебесі сайттағы жеке кабинетте де көрсетіледі.
Жеке кабинет мыналарға мүмкіндік береді:
— сайтта тапсырыстарды рәсімдеу;
— өз тапсырыстарыңыздың мәртебесін қадағалау;
— ең тиімді ұсыныстарды алу;
— хабарламаларға жазылуларды басқару
Құпиясөзді қалпына келтіру үшін Сізге сайт мәзірінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Жеке кабинет» батырмасын басып, «құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» функциясын пайдалану керек. Жеке кабинетті құру кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына Сізге жаңа құпиясөз жіберіледі. Қажет кезде жеке кабинеттегі құпиясөзді өзгертіңіз.
Өтінеміз, деректерді енгізудің дұрыстығын тексеріп, талпынысты қайталаңыз.
Егер Сіз құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, құпиясөзді қалпына келтіру функциясын пайдаланыңыз.
Егер авторландыру бұрынғыдай мүмкін болмаса, Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізге хабарлаңыз:
— бізге бастапқы парақшаның төменгі жағындағы «Бізге хабарласыңыз» бөліміндегі кері байланыс нысаны арқылы жазыңыз.
— онлайн-чат арқылы хабарлама көмегімен.
Егер Сіз Сіздің хабарламаңызға қате туралы ақпараты бар экранның көшірмесін қоса тіркесеңіз, біз Сізге риза боламыз. Біздің мамандар орын алған жағдайдың себебін тезірек түсіне алады.
Біз Туған күнге орай қызықты және тартымды ұсыныстар дайындап жатырмыз. Сізге Сіздің мерекеңіздің құрметіне біздің ұсынысымызды және жеке сыйлықтарымызды жіберуге қуанышты боламыз.
Ұнаған өнімдерді қажетті мөлшерде таңдап, оларды «себетке» қосыңыз.
«Себетке» ауысып, оның құрамын тексеріңіз. Осы кезеңде Сіз тауардың мөлшерін өзгерте аласыз, сыйлықтарды, сынамаларды таңдай аласыз және егер Сізде бар болса, бонус кодын енгізе аласыз.
«Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басыңыз Егер Сізде Жеке кабинет болса, авторландырудан өтіңіз немесе тіркеуден өтіңіз.
Сіздің «себетіңіздің» құрамын тағы бір рет тексеріңіз.
«Тапсырысты аяқтау» батырмасын басыңыз.
Электрондық пошта арқылы Сіз Сіздің тапсырысыңыздың растамасын аласыз.
Иә, сіз онлайн карта арқылы тапсырысыңызды төлей аласыз. Тапсырысыңыздың ақысын сәлемдемені жеткізген кезде Қазпошта бөлімшесіне немесе курьерге төлей аласыз.
Егер Сіз бонус кодын электрондық пошта бойынша алсаңыз, тіркеу кезінде сол электрондық мекенжайды пайдаланыңыз. Сіз бонус кодын оны қолмен теру немесе оны «Сіздің бонус кодыңызды енгізіңіз» өрісіне көшіру арқылы пайдалана аласыз. Сіз бонус кодын кириллица/латиница көмегімен дәл біздің таратылымда/серіктестік таратылымда/жарнамалық хабарландыруда және т.б. көрсетілгендей енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. Сіз бонус кодын енгізгеннен кейін «Сіздің бонус кодыңызды енгізіңіз» өрісінің жанындағы «ОК» батырмасын басыңыз.
Егер бонус коды дұрыс енгізілмесе, қате қызыл қаріппен көрсетіледі.
Тапсырысты рәсімдеудің келесі қадамына өтпес бұрын бонус кодының дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бір уақытта тек БІР бонус коды жұмыс істей алады. Егер Сіз бонус кодын енгізсеңіз, бірақ тапсырысты рәсімдеуді аяқтамасаңыз және сессияны аяқтасаңыз, бонус коды енді жарамды болмайды!
Бонус кодын пайдалану шарттарын тексеріңіз:
— клиент БІР бонус кодын тек БІР рет пайдалана алады.
— бонус кодын тек пайдалануға ұсынылатын сілтеме бойынша енгізу керек.
— бонус кодын ол көрсетілгендей, бос орынсыз енгізу керек. Сіз алу көзінен көшіре аласыз және деректерді енгізуге арналған өріске қоя аласыз.
— акцияның басқа шарттарына мұқият болыңыз: тапсырыстың минималды сомасы, төлем тәсілі және т.б. Бонус кодының қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, ол жұмыс істемейді.
Ағымдағы сату шарттарына сәйкес сыйлық кез келген тапсырыс үшін немесе белгілі бір сомадан тапсырыс үшін ұсынылуы мүмкін. Сыйлықтар туралы ақпарат Сыйлықтарым парақшасында қолжетімді, сонымен қатар тапсырысты рәсімдеу кезінде Себетте көрінеді.
Біз сізге «СПАМ» жәшігін тексеруді ұсынамыз. Егер Сіз сол жерде де растама бар хатты таппасаңыз, Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен біздің мамандарға хабарласыңыз:
— 8 (727) 355-14-45 телефоны бойынша
— WhatsApp жүгіну арқылы
Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты орын алуы мүмкін:
— Егер Сіз жұмыс орнынан тапсырыс рәсімдеп жатсаңыз, Сіздің жүйелік баптауларыңыз тапсырысты рәсімдеу мүмкіндігін бұғаттамайтынына көз жеткізіңіз.
— Егер Сізге қате туралы хабарлама көрсетілсе, кіру журналын (cookies) тазалап, парақшаны жаңартыңыз.
— Егер тапсырыстың минималды сомасы 12000 теңгеден аз болса.
Біздің өнімдерді сату ережелерімен толығырақ Сіз сайтта мына жерде таныса аласыз.
Сізден бірнеше секундтан кейін талпынысты қайталауды сұраймыз. Бәлкім, біз дәл осы сәтте сайтта өнімдердің бар-жоғын жаңартқан шығармыз.
Бұл жағдайда Сізден Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен біздің кеңесшілермен байланысуыңызды сұраймыз:
— 8 (727) 355-14-45 телефоны бойынша.
— Бізге WhatsApp жазыңыз
Біз жүйеге кіргеннен кейін және жинауға тапсырыс жіберілгенге дейін тапсырыстың күшін жоя аламыз немесе оған өзгерістер енгізе аламыз. Мәртебені нақтылау үшін, өтінеміз, Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен біздің кеңесшілерге хабарласыңыз:
— 8 (727) 355-14-45 телефоны бойынша,
— WhatsApp көмегімен,
— электрондық пошта бойынша.
Сәлемдемені қайтару және тапсырыс үшін ақша алу үшін, өтінеміз, біздің кеңесшілермен Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен хабарласыңыз: 8 (727) 355-14-45 телефоны бойынша, WhatsApp немесе электрондық пошта көмегімен және қайтару себебін көрсетіңіз.
Содан кейін Сізге Сіздің сәлемдемеңізді жіберу керек. Біз оны алғаннан кейін ақша Сізге қайта аударылады.
— Егер Сіз өз тапсырысыңызды алғанға дейін төлеген болсаңыз (яғни, Сіз сайтта алдын ала төлемді таңдасаңыз), онда қайтару төлем кезінде пайдаланылған Сіздің шотыңызға жүзеге асырылады.
— Егер Сіз алған кездегі төлемді таңдасаңыз, онда ақшаны қайтару Сіздің пошта бөлімшеңізге пошта аударымын жасау арқылы жүзеге асырылады.
Егер клиент тапсырыс параметрлеріне толық сәйкес келетін және тиісті сападағы Ив Рошер өнімдерін қамтитын сәлемдемені қайтаруды өздігінен бастаса, онда өтемақы төленбейді, өзге жағдайда біз сәлемдемені қайтаруға жұмсалған ақшаны қайтарамыз.
Өнімді қайтару ақау болған жағдайда ғана мүмкін болады.Тауарды қайтару үшін Сізге сәлемдемені мына мекенжайға жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, 050017, Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦиковский ауылдық округі, Казцик ауылы (селосы), Бережинский Алексей Федорович көшесі, 4 құрылыс, 2 корп.. алушы -— «Ив Роше Казахстан» ЖШС («Ив Рош Қазақстан» ЖШС үшін).
Оны 10 теңгеге бағалап, оған келесі құжаттарды салыңыз:
— шот-фактураның көшірмесі;
— төлем туралы түбіртектің көшірмесі;
— жөнелтілген тауардың тізімдемесі;
— Сіз қайтару себебін көрсететін еркін нысандағы наразылық хаты;
— тауарды жөнелту туралы чектің көшірмесі.
Осы процедураның деректерімен Сіз сілтеме арқылы таныса аласыз.