Тагуа Өсімдік Дәндері – бұл табиғи мөлдірлеткіш* қасиеттерге ие тазалығы жоғары белсенді ингредиент.
Ол іштен әрекет етуге қабілетті, пигменттік дақтардың түзілуіне байланысты меланин синтезін төмендетуге жағдай жасайды, сонымен бірге тері жасушаларының дәл өзегінде жарықтың таралуын активтендіреді.

Оның артықшылығы:  теріні лезде тазартады (ластанулардан, күннен қорғайтын құралдардан, макияж қалдықтарынан...), теріні шамадан тыс құрғатпай, беттің балғын әрі көркем түсін қамтамасыз етеді.
Нәтижесі: тері нұрланған әрі тегіс, визуалды түрде ашық бола түседі.

Қолдану жөніндегі кеңес:  таңертең және кешкі уақытта беттің суланған терісіне жағыңыз. Жайлап уқалаңыз, содан соң шайып кетіріңіз. Көзге тигізбеңіз.

* In vitro тестілері.

Формула дерматологиялық және офтальмологиялық бақылау жүргізіле отырып сынақтан өткен.