Дербес деректер

Ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту үшін біз белгілі бір дербес деректерді сұратамыз.

Міндетті түрде толтырылуы керек өрістер

  • Тегі, аты, мекенжайы және пошталық индексі: Сіздің тапсырысыңызды уақтылы және дұрыс жеткізу үшін.
  • Сіздің электронды мекенжайыңыз: Сіздің тапсырысыңызды растау үшін және соңғы жаңалықтар мен супер ұсыныстар туралы хабардар болу үшін Ив Рошеден жаңалықтар жіберу үшін (қалауыңыз бойынша).
  • Сіздің телефон нөміріңіз тапсырысты дұрыс рәсімдеу және оны уақтылы жеткізу үшін қажет.

Толтыру ұсынылатын өрістер

  • Сіздің туған күніңіз: Ив Роше үшін маңызды күн, өйткені біз әрқашан біздің клиенттерімізге тосынсыйлар мен сыйлықтар дайындаймыз.

Cookies-файлдар

Біздің Сайт біздің келушілердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай әзірленген. Дәл осы мақсатты көздей отырып, біздің Сайтқа кірген кезде Сіздің компьютеріңізге Сізді сәйкестендіруге көмектесетін соокіеѕ-файлдар автоматты түрде жүктеледі. Осылайша, біз Сізге арнайы ақпаратты дербестендіруді қамтамасыз ету үшін соокіеѕ-файлдарды пайдаланамыз. Дегенмен, Сіз Сіздің веб-браузеріңіздегі тиісті баптауларды өзгерту арқылы кез келген уақытта бұл функцияны сөндіре аласыз. Соокіеѕ-файлдарды сөндірген кезде Сіз сайтты пайдалана аласыз

Электрондық таратылым арқылы коммерциялық өзара әрекеттесу

Электрондық таратылымдарда жіберуші туралы және хаттың тақырыбы туралы қажетті ақпарат бар. Олар сондай-ақ Сізге парақшаның төменгі жағындағы тиісті сілтемені басу арқылы таратылымдарды алудан бас тартуға мүмкіндік береді.