САЙТТА ТАУАРЛАРДЫ САТУ ШАРТТАРЫ

Біз Сізді Ив Роше компаниясының www.yves-rocher.kz сайтында (бұдан әрі мәтін бойынша «Сайт») қарсы алуға қуаныштымыз.

Осы Сайтта Тауарларды сату шарттары (бұдан әрі мәтін бойынша «Сату шарттары») бұдан әрі баяндалған шарттарда Тауарларды сатып алу-сату шартын қашықтан жасасуды ұсынатын Сатушының жария офертасы болып табылады.

Осы Сату шарттарында, егер контекст өзгеше талап етпесе, төмендегі терминдердің келесі мағыналары болады:

Сайт – мағынасы мен навигациясы бойынша біріктірілген және бір web-серверде орналасқан, қайталанатын дизайны бар web-парақшалар жиынтығы.

Сатушы – «Ив Роше Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050062, Қабдолов көшесі, 16 үй, № 1 корпус, 2-ші қабат, 204-ші үйжай, БСН 130740016740. Барлық жазбаша наразылықтарды мына мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз: Ив Роше, 050000, Алматы қ., а/ж 400.

Сатып алушы – 14 жасқа толған, тек қана жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге қажеттіліктер үшін https://www.yves-rocher.kz сайтында тауарлар сатып алатын жеке тұлға.

Тауарлар - Сатушы Қазақстан Республикасының аумағында тарататын, толығырақ сипаттамасы Сатушының Ұсыныстарында келтірілген Yves Rocher® маркасының парфюмерлік-косметикалық өнімі.

Сатушының ұсынысы - Сатушының қолданыстағы бағаларына (тарифтеріне) сәйкес баға бойынша және шарттар бойынша Сайтта сатуға ұсынылатын Тауарлар туралы қолжетімді ақпарат.

Арнайы ұсыныс - Сайтта Тауарларды сатып алу бойынша жеңілдіктер, сыйлықтар, өзге ерекше шарттар туралы ақпаратты қамтитын Сатушының ұсынысы. Сатушы Ұсыныстың Арнайы екенін көрсетуге міндетті емес.

Сыйлық - Сатушының қалауы бойынша айқындалатын шарттарда Арнайы ұсыныс бойынша рәсімделетін Сатып алушының Тапсырысына бонус ретінде Сатушы ұсынатын өнім. Сыйлық косметикалық емес Тауарлар мен өнімдер болуы мүмкін.

Тапсырыс - Сатып алушы Тауарды сатып алуға өтінімді рәсімдеу кезінде осындай өтінімді рәсімдеу сәтінде қолданылатын баға бойынша және шарттарда көрсеткен, Сайтта ұсынылған тізбедегі Тауарлардың жекелеген позициялары.

Дербес деректер - Сатып алушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер (ТАӘ, тұрғылықты мекенжайы, туған күні, өзге деректер).

1. САТУШЫ ҰСЫНЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

Сатушының барлық ұсыныстары тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды. Сатушының арнайы ұсыныстары Сатушы белгілеген мерзім ішінде жарамды. Кез келген Ұсыныстың жарамдылық мерзімін Сатушы Сатып алушыға алдын ала ескертусіз ұзарта алады.

Барлық ұсыныстар Сатушының қоймасында бар Тауарлар шегінде жарамды. Барлық Арнайы ұсыныстар Сатушының қоймасында бар Тауарлар мен Сыйлықтар шегінде жарамды, бұл белгілі бір сыйлықты беруге әсер етеді. Сатушының қоймасында Арнайы ұсыныс бойынша Сыйлық болмаған жағдайда, Сатушы Сатып алушыны хабардар етпей, бастапқыда ұсынылған Сыйлықты Сатушыда бар өзге Арнайы ұсыныс бойынша басқа Сыйлыққа біржақты тәртіппен ауыстыруға құқылы. Сыйлықты ауыстыру Сатушының Тапсырыс шарттарын бұзу болып табылмайды. Сыйлықтардың ақшалай баламасы төленбейді. Сатып алушы Ұсыныс шарттарына байланысты ұсынылған Сыйлықтардың ішінен біреуден артық емес Сыйлық алуға құқылы.

Егер Сатушының Арнайы ұсынысында өзгеше тікелей айқындалмаса, Сатып алушы Сатушының бір Арнайы ұсынысы бойынша 5 (бес) артық емес тапсырыс жасауға құқылы.

Сатушының Арнайы ұсынысының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Сатып алушы жасаған тапсырыс Сатушының келісімімен ғана орындалуға қабылдануы мүмкін.

БАҒАЛАР

Сайттағы бағалар жеткізу құнын есепке алмағанда, ҚҚС қоса алғанда, қазақстандық теңгемен белгіленген. Бағаларды Сатушы Сатып алушыға алдын ала ескертусіз өзгерте алады, бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген барлық Тауарлар Сатушы Тапсырысты қабылдаған кезде қолданыста болған бағалар бойынша төленуге жатады.

ТАУАРЛАР

Тауарлар Сатып алушы толық төлеген сәтке дейін Сатушының меншігі болып табылады.

Барлық ұсынылатын Тауарлар, Сыйлықтар мен ілеспе аксессуарлар Кеден одағы шеңберінде қауіпсіздікті растаудан өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестікке сертификатталды. Сертификаттар Сатып алушының өтініші бойынша ұсынылуы мүмкін (Өнім сертификатталған).

Тауарлардың тізбесін Сатушы айқындайды. Сатушы Сатып алушыны алдын ала хабардар етпей, Тауарлардың тізбесін өзгертуге құқылы. Тауарлардың атауы, олардың негізгі тұтынушылық қасиеттері және бағасы туралы толық ақпарат Сайтта берілген. Сайтта болмауы мүмкін, бірақ Сатып алушының назарына жеткізілуі тиіс Тауарлар туралы ақпарат Тауардың заттаңбасында және/немесе қаптамасында көрсетіледі. Сатып алушыға жеткізілген Тауарлардың жарамдылық мерзімі олар жеткізілген күннен бастап кемінде 3 (үш) айды құрайды.

Егер Сатушының тиісті Ұсынысында өзгеше тікелей айқындалмаса, кез келген Ұсыныс бойынша бір артикулдың тапсырыс берілген Тауар бірліктерінің саны 9 (тоғыз) данадан аспауға тиіс. Тапсырыс берілген Тауардың рұқсат етілетін шекті саны 9 (тоғыз) данадан кем екендігі туралы «Шектеулі шығарылым», «Шектеулі топтама», «Саны шектеулі» сияқты арнайы белгілерді орналастыру арқылы көрсетуге болады.

2. ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ

Тапсырысты рәсімдеу үшін Сатып алушы оны қызықтыратын Тауарларды таңдайды, осы ретте тиісті Тауардың кескініне қарама-қарсы «Себетке қосу» батырмасын басу арқылы немесе Сайттағы тиісті бағанға Тауардың кодын енгізу арқылы таңдау жасау керек. Сайттағы тиісті бағанға оның кодын енгізу арқылы Тауарға Тапсырыс жасау мүмкіндігі Сатушының Тауарлар тізбесімен жақсы таныс Сатып алушыға ұсынылады және Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, егер код бойынша тапсырыс берілген Тауарды сату шарттарын ол бұрын өзгерткен (бағасы, жеткізу мерзімі өзгерген) жағдайда Сатушы жауапты болмайды, бұл туралы Сатушы Сатып алушыға алдын ала хабарлауға міндетті емес. Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушының ағымдағы Ұсынысында ұсынылған Тауарларға назар аудару ұсынылады.

Тапсырысты бірінші рәсімдеу кезінде Сатып алушы өзі туралы келесі ақпаратты ұсынуға міндеттенеді: жынысы, аты, тегі, толық мекенжайы, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы. Бұл ақпаратты Сатып алушы Сайттағы тіркеу нысанына енгізеді және бұрын хабарланған ақпараттың өзгеруіне байланысты Сатып алушы оны одан әрі редакциялауы мүмкін. Тапсырысты бірінші рәсімдеу кезінде Сатып алушы жүйеде өзінің жеке логині мен құпиясөзін тіркейді. Кейін Сатып алушы өзінің логині мен құпиясөзін Сайттағы жаңа Тапсырыстың әрбір рәсімделуі кезінде арнайы нысанға енгізеді. Сатушы Сатып алушының келісімінсіз Сатып алушы өзі туралы хабарлаған ақпаратты өзгертпейді. Тапсырысты бірінші рәсімдеу кезінде Сатып алушыға клиенттік нөмір беріледі. Бір Сатып алушыда Сатып алушының дербес деректеріне сәйкес келетін бір ғана жарамды клиенттік нөмір болуы мүмкін. Дербес деректері Сатушының базасында бұрыннан бар Сатып алушыға қосымша клиенттік нөмірлерді рәсімдеуді (немесе рәсімдеу талпынысын) Сатушы Сатып алушының Сату шарттарын елеулі бұзуы ретінде қарастыруы мүмкін.

Тапсырысты рәсімдеуді аяқтауды Сатып алушы «Тапсырысты аяқтау» батырмасын басу арқылы жүзеге асырады. Осы сәттен бастап Сатушымен тауарларды қашықтан сату шарты осы Сату шарттарында Сатып алушы жасаған болып саналады.

Жеткізу құнын есептемегенде Тапсырыстың минималды сомасы 6500 теңгені құрайды.

Жеткізу құнын есептемегенде Тапсырыстың минималды сомасы 50 000 теңгені құрайды.

Сатып алушының Тапсырысын Сатушы жүйесінде тіркегеннен кейін Сатып алушының электрондық мекенжайына 24 сағат ішінде Сатып алушының төлеуге Тапсырысының жалпы сомасын және жеткізу мерзімі мен құны туралы ақпаратты (почта алымын есептемегенде) көрсете отырып, Тапсырысты тіркеуді растау туралы электрондық хабарлама келіп түседі. Бұл белгілі бір Тауар қоймада болмаған немесе өндірістен шығарылған жағдайда Тапсырысты толық көлемде жеткізудің кепілі болып табылмайды.

Сатып алушы таңдалған жеткізу тәртібіне сәйкес Тапсырысты өзіне бергенге дейін кез келген сәтте Тапсырыстан бас тартуға (Тапсырыстың күшін жоюға) құқылы. Тапсырыс жеткізу процесінде болған сәтте Сатып алушының Тапсырыстан бас тартуы Сатушының Тапсырысты өңдеуге және жеткізуге байланысты белгілі бір шығындарына әкеп соқтыратындықтан, Сатушы Тапсырыстарды жою құқығын теріс пайдаланатын Сатып алушының тапсырыстарын орындауға қабылдамауға құқылы.

Сатып алушы бұрын тапсырыс берілген Тауарларды, оның ішінде жеткізу жаңа Тапсырысты рәсімдеу сәтінде жүзеге асырылатын тауарларды төлеген сәтке дейін Сатушы Сатып алушының Сатушы алдындағы бар берешегін өтеген сәтке дейін Сатып алушының жаңа тапсырысын орындау жөніндегі міндеттемелерін орындаудан бас тартуға немесе Сатып алушыға төлемнің өзге тәсілін ұсынуға құқылы.

Сатушының Тапсырыстарды рәсімдеуге қатысты Сатып алушының іс-әрекеттерінде қандай да бір теріс пайдалануды байқауға негіз болған жағдайда, Сатушы Сатып алушының бұл іс-әрекеттерін Сату шарттарын елеулі бұзушылық ретінде бағалауға құқылы.

Сатушының Сату шарттарымен келіспеген және/немесе Сату шарттарын елеулі бұзуға жол берген (бұрын жол берген) тұлғаларға тапсырысты рәсімдеуден бас тартуға құқығы бар.

3. ТАПСЫРЫСТЫ ӨҢДЕУ

Тапсырысты өңдеу ретінде Сатушының Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың болуы туралы ақпаратты және (егер Сыйлықтар қолданылса) Сатушының қоймасында тексеруі және Тапсырысты Сатып алушыға жіберуге дайындау түсініледі.

Сатушының Тапсырысты өңдеу мерзімі Сатып алушыға осы Сату шарттарының 2-бөлімінде көзделген Сатушыдан хабарлама жіберілген күннен бастап үш-он бес жұмыс күнін құрайды.

Тапсырысты өңдеу мерзімі тапсырыс берілген Тауарлардың болуына және (егер қолданылса) Сатушының қоймасында Сыйлықтардың болуына байланысты. Белгілі бір себептерге, соның ішінде Сатушыдан тәуелсіз себептерге байланысты Сатушының қоймасында Сатып алушы тапсырыс берген қандай да бір Тауар және/немесе (егер қолданылса) Сыйлықтар болмаған жағдайда, Сатушы осы Тауарды және/немесе (егер қолданылса) Сыйлықты сатып алушының тапсырысынан біржақты тәртіппен алып тастауға құқылы. Бұл жағдайда Сатушының қоймасында жоқ Тауар позициясының алынып тасталуын ескере отырып, Тапсырыс құнын Сатушы қайта есептейді. Егер Тапсырыс өңделгеннен кейін оның сомасы осы Сату шарттарына сәйкес белгіленген минималды сомадан аз болса, онда Сатушы осы Тапсырысты орындауға қабылдамау құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы Сатушы Сатып алушыға өзіне қолжетімді кез келген тәсілмен хабарлайды.

4.1. ЖЕТКІЗУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Тапсырысты өңдеу аяқталғаннан кейін Сатушы тапсырысты Сатып алушыға жеткізеді. Тапсырысты жеткізуді Сатушы үшінші тұлғаларды - пошта байланысы ұйымдарын немесе курьерлік жеткізу қызметін (бұдан әрі - «Курьерлік қызмет» немесе «Жеткізу қызметі») тарта отырып, Сатушының ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.

Тапсырысты жеткізу тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсетілген Сатып алушының мекенжайы бойынша ҚР аумағы шегінде жүзеге асырылады. Тапсырысты Сатып алушыға жеткізуге мүмкіндік бермейтін және/немесе Сатушының тапсырысты жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындауы мақсатында Сатып алушымен байланысуға мүмкіндік бермейтін қате немесе толық емес деректерді хабарлаған жағдайда Сатушы жауапты болмайды.

Тапсырысты уақтылы жеткізу үшін Сатып алушыға пошта индексі мен телефон нөмірін қоса, нақты пошта мекенжайын көрсету ұсынылады.

Сатушының ұсынысына байланысты Сатып алушы Сатушы төлейтін жеткізу шығыстарына қатыса алады.

4.2. ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗУ

Сатушы Сатып алушының тапсырысын алған күннен бастап 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн ішінде тапсырысты Сатып алушының пошта бөлімшесінің мекенжайына пошта арқылы жібереді. Сатушы байланыс қызметтерін көрсететін ұйымның кінәсінен болған тапсырысты жеткізудегі кідіріс, оның жоғалуы, бүлінуі, зақымдануы үшін жауапты болмайды.

Сатушының Тауарды Сатып алушыға пошта арқылы жеткізу жөніндегі міндеті Тауарды Сатып алушының пошта бөлімшесіне жеткізген сәттен бастап орындалған болып табылады.

Егер Сатып алушы тапсырысты пошта бөлімшесінде белгіленген сақтау мерзімі ішінде пошта бөлімшесінен алып кетпесе, Сатушы Сатып алушының келесі тапсырысын орындауға қабылдамауға құқылы.

Шарт бойынша төлемді қамтитын сәлемдемені жөнелту жағдайында пошта арқылы жеткізген кезде, егер Сатушының Ұсынысында төлемнің өзге шарттары көрсетілмесе, Сатып алушы тапсырыс сомасын шарт бойынша төлемді және пошта аударымы үшін алымды толық төлеген жағдайда тапсырысты алады. Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы жеткізу құны Тапсырыс сомасына кіретіні немесе кірмейтіні туралы ақпарат алады.

Пошта бөлімшесінде тапсырысты нормативтен тыс сақтауға байланысты шығыстарды Сатып алушы өздігінен көтереді.

5. ТАПСЫРЫСТЫ ТӨЛЕУ

Тапсырысты төлеуді Сатып алушы Тапсырысты алған кезде қазақстандық теңгемен қолма-қол ақшамен жүргізеді.

Пошта бөлімшесінде тапсырыс бар бағалы бандерольді алған кезде Сатып алушы ақша қаражатының пошта аударымы үшін алымды (тапсырыстың толық сомасының 2%, сондай-ақ шарт бойынша төлем бланкісін өңдеу үшін 50 бастап 100 теңгеге дейін) төлеуі тиіс. Сатып алушы Тауарға шарт бойынша толық төлем жасаған жағдайда, Тауар салынған бағалы бандероль алады. Жөнелтімді (Тауар салынған бағалы бандерольді) нормативтен тыс сақтауға байланысты шығыстарды Сатып алушы көтереді. Сатып алушы бұзылған қаптамасы бар Тауарды алудан бас тартуға құқылы. Сатушы Сатып алушыға сәлемдемені төлегеннен кейін сәлемдеме құрамының тізімдемеге сәйкестігін тексеру және сәйкес келмеген (толық салынбаған, дұрыс емес артикул салынған), көліктік немесе өндірістік ақау болған жағдайда акт жасау үшін оны пошта қызметкерлерінің қатысуымен поштада ашуды қатаң түрде ұсынады.

6.1. ТИІСТІ САПАДАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ ҚАЙТАРУ

Сатып алушы ол сәлемдемені (тапсырысты) алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы тауарды қайтаруға құқылы. Сатып алушы келесі шарттарды сақтай отырып, тиісті сападағы Тауар үшін төленген ақша қаражатын өзіне қайтаруға құқылы:

  • Тауардың Сатушыға мына мекенжай бойынша кері келіп түсуі: Қазақстан Республикасы, 050017, Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦиковский ауылдық округі, Казцик ауылы (селосы), Бережинский Алексей Федорович көшесі, 4 құрылыс, 2 корп.. алушы - «Ив Роше Казахстан» ЖШС ("Ив Рош Қазақстан" ЖШС үшін);

  • Тауар қолданыста болған жоқ;

  • Тауардың тауарлық көрінісі (заттаңбалар, пломбалар, жапсырмалар, өндірушінің түпнұсқалық қаптамасы) және оның тұтынушылық қасиеттері сақталған;

  • Тауардың төленгенін растайтын құжат ретінде сәлемдеменің төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген.

Тиісті сападағы Тауарлар қайтарылған кезде жеткізу құны және төлемді аударғаны үшін комиссия Сатып алушыға өтелмейді.

6.2. ТИІСТІ ЕМЕС САПАДАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ ҚАЙТАРУ

Тиісті емес сападағы Тауарларды қайтару Сатып алушы тиісті талап қойған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады. Сатып алушының өзіне жеткізу, кері қайта жіберу құны және тиісті емес сападағы Тауар үшін төленген ақшалай қаражат мөлшерінде, сондай-ақ мынадай шарттарды сақтай отырып, оған ақша қаражатын қайтаруға құқығы бар:

  • Тауардың Сатушыға мына мекенжай бойынша кері келіп түсуі: Қазақстан Республикасы, 050017, Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦиковский ауылдық округі, Казцик ауылы (селосы), Бережинский Алексей Федорович көшесі, 4 құрылыс, 2 корп.. алушы - «Ив Роше Казахстан» ЖШС ("Ив Рош Қазақстан" ЖШС үшін);

  • қайтарылған Тауардың сапасына қатысты Сатушы тартқан сарапшылардың жазбаша қорытындысының болуы.

  • Тиісті емес сападағы Тауарлар үшін немесе тапсырысқа сәйкес келмейтін Тауарлар үшін ақша қаражатын қайтарған кезде Сатушы өз есебінен Сатып алушының атына ақша қаражатын аудару үшін тарифтерді төлейді.

  • Сатып алушы тиісті емес сападағы Тауарды алған кезде немесе сәлемдеменің құрамы салым тізімдемесіне сәйкес келмеген жағдайда, Сатушы Сатып алушыға тиісті емес сападағы Тауарды ауыстыруға немесе Сатып алушының таңдауы бойынша тиісті емес сападағы Тауардың құнын мынадай шарттарда пошта аударымымен қайтаруға кепілдік береді:

  • Сатып алушы тапсырыс шарттарын (ассортимент, сапа, саны, жиынтықтылығы, қаптамасы) бұза отырып, тапсырыс құрамында Тауарды анықтаған кезде Сатып алушы Тауарды алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде Сатушыға қайтарылатын тауарды, ақаудың немесе сәлемдеме құрамының оның тізімдемесінің сәйкес келмеу фактісін растайтын пошта актісінің көшірмесін (егер ақау пошта бөлімшесінде сәлемдемені ашу кезінде анықталса), сонымен қатар сәлемдеме тізімдемесінің көшірмесін, төлем туралы түбіртектің көшірмесін, Сатып алушының талабы көрсетілген ілеспе хатты (тиісті емес сападағы Тауарды ауыстыру немесе тиісті емес сападағы Тауар үшін ақша қаражатын қайтару) мына мекенжай бойынша жібереді: Қазақстан Республикасы, 050017, Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦиковский ауылдық округі, Казцик ауылы (селосы), Бережинский Алексей Федорович көшесі, 4 құрылыс, 2 корп., алушы - "Ив Рош Қазақстан" ЖШС ("Ив Рош Қазақстан" ЖШС үшін);

  • Сатып алушыда жоғарыда аталған құжаттар болмаған жағдайда, Сатып алушы Сатып алушының талабын көрсете отырып, ілеспе хатпен бірге Тауарды бастапқы қаптамада қайтарады (тиісті емес сападағы Тауарды ауыстыру немесе тиісті емес сападағы Тауар үшін төленген ақша қаражатын қайтару).

  • Сатып алушы тиісті емес сападағы Тауарды ауыстыру туралы жазбаша талап қойған жағдайда, Сатушы бұл Тауарды тиісті сападағы Тауарға жиынтығында Тауар Сатушының қоймасында болған жағдайда тапсырысты өңдеу мерзімінен және тапсырысты жеткізу мерзімінен аспайтын мерзімде ауыстырады.

7. АҚША ҚАРАЖАТЫН ҚАЙТАРУ

Егер осы Сату шарттарында өзгеше көзделмесе, Сатушы Сатып алушыға Тауар құнын қайтаруға, сондай-ақ қолданылатын жағдайларда Тауарды жеткізу құнын және кері жіберу құнын қайтаруға кепілдік береді, осы ретте Сатып алушы келесі шарттарда Тауарларды қайтару бойынша жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтауы тиіс.

Ақша қаражатын қайтару Сатып алушының ақша қаражатын қайтару туралы жазбаша талабын алғаннан кейін Сатып алушының толық пошта мекенжайы бойынша пошта бөлімшесінің мекенжайына ақша қаражатын пошта арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Сатушы «Қазпошта» АҚ-ның алушыға ақша аударымын төлеуді жүзеге асыру жөніндегі әрекеттері үшін жауапты болмайды. Ақша қаражаты тапсырыс рәсімделген кезде Сатып алушы тіркеу деректерінде көрсеткен пошта мекенжайы бойынша қайтарылады.

Сатып алушының ақша қаражатын қайтару туралы талабы Сатушыға қайтарылатын жөнелтілімге жазбаша талап қою арқылы немесе Сатып алушының 8 (727) 355-14-45 телефоны бойынша Сатушының сервистік желісіне жүгінуі арқылы жіберілуі мүмкін.

8. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Сайтта Тауарларға Тапсырыс рәсімдей отырып және/немесе жаңалықтардың электрондық таратылымына жазыла отырып, тапсырыс берілетін Тауарларды, жаңалықтар мен Арнайы ұсыныстар туралы ақпаратты, жарнамалық ақпаратты алу мақсатында, сондай-ақ өзінің дербес деректерін және өзінің электрондық пошта мекенжайын құпиялылық туралы келісімге қол қойған «Ив Роше Қазақстан» ЖШС серіктестік ұйымдарына беру үшін Сатып алушы «Ив Роше Қазақстан» ЖШС-не (БСН 130740016740) өзінің дербес деректерін және өзінің электрондық пошта мекенжайларын заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен өңдеуге өзінің келісімін береді.

Сатушы Сатып алушының дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге кепілдік береді.

9. ӨЗГЕ

Табиғат пен адамға ұқыпты қатынас:

Сатушы Сатып алушыларға бет күтімі бойынша өз өнімдерінің гипоаллергенділігіне кепілдік береді. Барлық косметикалық құралдар Франциядағы "Лаборатуар де Биоложи Вежеталь Ив Роше" зертханаларында тестіленген. "Лаборатуар де Биоложи Вежеталь Ив Роше" компаниясы алғашқы еуропалық компаниялардың бірі болып өнімдерді жануарларда тестілеуден бас тартты. Сатушы Сатып алушыға сатып алынатын тауарларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен және кеңестермен мұқият танысуды, сондай-ақ Сатып алушы үшін жаңа косметиканы алдымен терінің кішкене аймағында сынап көруді ұсынады.

Авторлық құқық:

Сайтта орналастырылған барлық материалдар, соның ішінде осы Сайттағы тауар белгілері, мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, логотиптер, суреттер, эмблемалар, графиктер және т.б., сондай-ақ бағдарламалық жасақтама Сайт Әкімшісінің немесе оның серіктестері мен жеткізушілерінің айрықша меншігі болып табылады. Сайт Әкімшісі осы Сайтты құру кезінде пайдаланылған немесе оған орналастырылған зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықтарға ие. Сайт элементтерінің барлығын немесе бір бөлігін көшіруге немесе пайдалануға Сайт пайдаланушысына тек жеке пайдалануға рұқсат етіледі. Сайт мазмұнын басқа мақсаттарда көшіруге және пайдалануға қатаң тыйым салынады. Сайт Әкімшісінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жасалған таратуды, жаңғыртуды, импорттауды, аударуды, қайта өңдеуді қоса алғанда, жоғарыда айтылмаған кез келген пайдалану Сайт Әкімшісінің айрықша құқықтарын бұзу болып саналады.

Қолданылатын заңнама:

Тауарларды сату шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

Сату шарттарын өзгерту:

Сатушы осы Сату шарттарын кез келген уақытта бейімдеу немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Олар өзгертілген жағдайда, сатудың жаңа шарттары Сатып алушыға Сайтта Сату шарттарының жаңа редакциясын орналастыру арқылы хабарланады. Жаңа сату шарттары өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылған сатылымдарға ғана қолданылады.