Нарқайсар жапырақтарының ұшқындаған лимондық хош иісі
<p>Ив Роше Маркасының парфюмерлері жаңа ғана Нарқайсар жапырақтарының ұшқындаған лимондық хош иісін дәлме-дәл ұсына білген.</p>
<p>Бретаньдегі Ля Гасийидегі біздің Ботаникалық бағымызда серуендеу нағыз рақаттану сезімін сыйлайды.<br />
Раушанның жартылай ашылған қауызының хош иісі, Нарқайсар жапырағының балғындығы, Көк шайдың сергіткіш балғындығы, гүлдеген Үшқаттың үйлесімі…<br /> Ив Роше балғын хош иістерінің топтамасы қайта-қайта сізге нағыз бақыт сыйлап, Табиғат құшағындағы керемет серуендердің сәттерін қайта өткеруге мүмкіндік береді.</p>