<p>
Ив Роше Маркасының парфюмерлері гүлдеген Шиенің нәзік балғындығын нақты ұсына білген.
</p>
<p>
Кейбір гүлдердің нәзік болатыны соншалық, олардан хош иістік сығынды алу мүмкін емес деуге болады, алайда біз парфюмерлік композицияның дәл әзірленген формуласының арқасында аталмыш хош иісті тыңнан жасай алдық.<br>
Бретаньдегі Ля Гасийидегі біздің Ботаникалық бағымызда серуендеу нағыз рақаттану сезімін сыйлайды. Раушанның жартылай ашылған қауызының хош иісі, Нарқайсар жапырағының балғындығы, Інжугүл нәзіктігі, тсүтегі Шиенің поэтикалық әсемдігі - Ив Роше балғын хош иістерінің топтамасы қайта-қайта сізге нағыз бақыт сыйлап, Табиғат құшағындағы керемет серуендердің сәттерін қайта өткеруге мүмкіндік береді.
</p>