Франциядағы Бретань өңірі жартастарының қара-сұр боуларынан шабыт алған түтінді реңдердің қайталанбас үйлесімі.

4 ультрапигменттелген реңк – жарықараған ақ реңктен терең графиттік реңкке дейін. Салтанатты smoky eyes қалыптастыру үшін мінсіз үйлесім.
Біз ұсынған боялар палеткасы – бұл қанық түс және 3 финиш: күңгірт, перламутр, металлик.

Жұмсақ вегандық формула* БИО Гүлкекіре сығындысымен байытылған, сондықтан көздері сезімтал әрі құрғақтыққа бейім болып келетін, сондай-ақ жанаспалы линза тағатын жандар үшін қолайлы.

Оның артықшылығы: бірегей Қабаққа арналған Бояулар Палеткасы қоршаған ортаға деген құрметпен әзірленген. Бұл Ив Роше ұсынған қарасты ормандардың ағашынан жасалған картон қаптамадағы, сондай-ақ пластиктің пайдаланылуын қысқарту үшін айнасыз болып келетін алғашқы палетка. Бұрынғы пластиктен жасалған палеткалармен салыстырғанда, ол экологиялық тұрғыдан неғұрлым таза: жаңа қаптаманың арқасында біз жыл сайын 25 тонна пластик үнемдейміз.

Қолдану жөніндегі кеңес: палеткамыздағы бояулардың 4 реңкін пайдаланып, драмалық бейнені қалыптастырыңыз.

4 ҚАРАПАЙЫМ ҚАДАМ:
«Қара Күңгірт»(4) реңкімен жоғарғы қабақ қатпарын белгілеп өтіңіз де текстураны жоғары бағытта, қасүсті доғасына қарай қарайтыңыз.
«Сұр Перламутр» реңкін (3) көздің сыртжақ жиегіне жағыңыз.
Жылжымалы қабақта «Күміс түстес Металлик» (2) реңкін пайдаланыңыз.
Жарқыраған шырайды қосу үшін, «Ақ Перламутр» (1) реңкімен көздің ішкі жиегін баса көрсетіңіз.

Күңгірт бояуларды үлпілдек жаққышпен (№ 6 Бояуларды Қарайтуға арналған жаққыш) қарайтуға болады, ал жіңішкерек жаққыш (№ 7 Бояуларға арналған Қиғаш жаққыш) дәлме-дәл жағуды қамтамасыз етеді.

Перламутр және металды финишті қамтитын бояуларды жалпақ жаққышпен (№ 5 Бояуларға арналған жаққыш) жағыңыз, ал максимал қанық түске қол жеткізу үшін, аксессуарды сумен сулаңыз немесе текстураны саусақпен жағыңыз.

* Құрамында жануар тектес ингредиенттер жоқ.